АҚСУ ҚАЛАСЫ ҮШТЕРЕК АУЫЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ

Slides:



Advertisements
Сличне презентације
- PREDAVANJE 9 - Nikola Zubić Novi Sad,
Advertisements

Непроменљиве речи обрада
С Т Р У Ј А Милош Прелић.
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері   1 дәрiс. Педагогиканың әдіснамалық негіздері Мақсаты: педагогика ғылымының орны,
KVIZ O PSIMA.
Реализатори: Горинка Бајић и
BAJKA O JEDNOM MIŠU.
Govorne vježbe.
Основе здравог живота.
Сабақтың тақырыбы: 6-сынып Қазақ тілі оқу жылы
Основна својства дељивости природних бројева
Задча 1: На пружина со должина 20 cm закачуваме тег со маса 400 g при што нејзината должина се зголемува на 35 cm. Колакв е коефициентот на еластичност.
KRŠTENJE GOSPODINOVO GODINA A
U programu Excel otvoriti datoteku demo_pj
Piroška segedi: latinski jezik za I godinu, 2013.
О ПОСТУПЦИМА ОСАМОСТАЉИВАЊА У АНДРИЋЕВИМ ЗНАКОВИМА ПОРЕД ПУТА
СТРАХ ОД ОДГОВАРАЊА → Упознавање компоненти емоционалних реакција страха у испитној ситуацији у функцији редуковања страха. → Задаци: - Освестити све компоненте.
СТАБИЛИЗАТОРСКЕ (ЦЕНЕРОВЕ) ДИОДЕ
САОБРАЋАЈ.
ПРОПОРЦИОНАЛНО-ИНТЕГРАЛНИ PI РЕГУЛАТОР
Meni za moju kožu.
Примена на савременим веб страницма
Edme Mariotte Martina Šestan Studentica 4.god MF Ak.god.2007/2008
SIN.
Ponavljanje.
AGREGATI, BATERIJE I AKUMULATORI
ИНТЕГРАЛНИ-I РЕГУЛАТОР
§30. Қанның құрамы мен қасиеттері
Наставни предмет: Српски језик Шта смо научили из граматике-вежбање
Ovako smo počeli a i 6.b, zajedno za Europu, surađujemo dok radimo svatko na svom projektu, a na kraju ćemo biti ponosni i na svoj i na drugi.
KRŠĆANSKA VJERA KAO ODGOVOR SMISLA
ЕЛЕКТРИЧНИ РАД И СНАГА. ЏУЛОВ ЗАКОН
Pozitivna klima i (ne)nasilje u odeljenju
ПИСАЊЕ РЕЧЦЕ ЛИ И НЕ.
интеллектуалды ойынын бастаймыз
Gibbsova energija, G.
ELEKTRIČNA STRUJA KROZ POLUVODIČE
Съставете изречение! Обичам, език ,те, роден, мой Съставете изречение! Обичам, език ,те, роден, мой Обичам те, мой роден език !
Бесмртност душе.
БЕСМРТНОСТ ДУШЕ.
ИНВЕРТОРИ.
Odrediti ekvalentan kapacitet za sistem kondenzatora dat na slici.
“ja ne mogu ovo riješiti ...” “Ja ću ispraviti tvoje staze”
Prelazni režimi u kolu sa kondenzatorom
İLEF КТМУ Коммуникация факультети Академиялык жалпы жыйын
СТРАХ ОД ОДГОВАРАЊА → Упознавање компоненти емоционалних реакција страха у испитној ситуацији у функцији редуковања страха. → Задаци: - Освестити све компоненте.
Сабақтың тақырыбы: Алкиндер. Ацетилен.
Valentinovo.
Орындаған:Өміртай Шапағат курс
МОЈ ЗАВИЧАЈ.
О ЧОВЈЕКУ.
KVIZ ZNANJA O GRADOVIMA
Г Е Н Е Т И К А Тұқымқуалаушылық Өзгергіштік
1. jun VRME GUBITKA.
Реизбор у звање истраживач сарадник кандидат: Лука Илић
BILANS STANJA.
Procena vrednosti kapitala troškovnim pristupom
LJUBICA TOMIĆ – MANAGING PARTNER
Procena vrednosti kapitala troškovnim pristupom
КАРАКТЕРИСТИКЕ ТРАНЗИСТОРА
ELEKTRIČNA STRUJA KROZ POLUVODIČE
Zaharija – prorok koji kruni kralja
Процесорска поља Организација процесорских поља
Prof. dr Vlado Simeunović OSNOVE RAČUNARSKE TEHNIKE vlado
Quiz učenje.
Opportunity for Investment / Mogućnost investiranja
Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру.
СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ И ЕДА
Osnovne informacije o projektu
63. Common-rail систем.
Транскрипт презентације:

АҚСУ ҚАЛАСЫ ҮШТЕРЕК АУЫЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Зерттеу жұмыстың тақырыбы Газдалған сусындардың зияны Дайындап, зерттеген: 7-сынып оқушысы Құрметханұлы Асқар Жетекшісі : Молдағали Күльжазира

Зерттеудің мақсаты: : Газдалған сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау. Зерттеу жұмысының мақсаты: Газдалған сусындарды зерттеп,құрамымен танысып,организмімізге өте қатты зиян екенін дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері: • Кока - кола сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру; • Кока - коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту. Зерттеу нысаны: Күнделікті өмірде шамадан тыс қолданбау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тақырыптың зерттелу деңгейі:. Ең алдымен газды сусындарда шамадан тыс газ және қант қолданылған. Зерттеудің ғылыми жаңалығым: газды сусындар жылына 180 мың адамның өмірін жалмайды екен.

Жобаның өзектілігі:газдалған сусындардың тіршілікке зиян екенін білу Жобаның өзектілігі:газдалған сусындардың тіршілікке зиян екенін білу. Газдалған сусындардың құрамынан зияндылығын анықтау. Зерттеу жұмысына қолданған әдіс - тәсілдерім: • Сұрақ - жауап • Талдау ,іздену, жеке дара жұмыс • Пікірлесу

Тақырыптың зерттелу деңгейі: 1.2. Кока- коланың сыр- сипаты Сіз күнделікті жеп жүрген тағамдарымыздың құрамы жайында ойлап көріңізші.Мейлі оны қоя беріңіз, тағамдар жайында әйтеуір газет-журналдар  жариялап жатыр ғой.Ал  осы ішіп жүрген сусыныңыздың құрамы жайында ойланып көріп пе едіңіз? Интернетті ашып қалсаң құрамында бояғыштар, консерванттар, кофейндер мен аминқышқылдары бар салқындатылған сусындардың зияны туралы ақпараттардан көзіңіз сүрінеді. Қоңырау бола қалса әрқайсымыздың автоматқа жүгіріп барып тиынымызды ішіне шылдыр еткізіп салып «кока-кола», «фанта», «спарайт», «макси чай», «либелла», «некси чай» дей ме толып жатқан бұрын соңды аты белгісіз «су жаңа» сусын алумен әлек болып жатамыз. Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етпей етіп, бүйректі отырғызбай ма,асқазан жарасын тудырмай ма оған бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Біз өз еркімізбен өзіміздің ағзамызға осы улармен улаудамыз. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ең алдымен жылқы еті құрамында оңтайлы мөлшерде аминдік қышқылы бар, бұл жөнінде ет өнімдерінің бәрінен артық толыққанда малдың белогы болып табылатындығын дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми жаңалығым: Жылқы етінің адам денсаулығына пайдасын анықтадым. Көп ауруларға дауа болатынын оқып танысып, өз мектебімде оқушыларға зерттеу жұмысымды көрсеттім.

Сонда сусын несімен зиянды? Суға қосылған бояғыштар мен эссенциялар улы. Сусындарды жасап шығарушылар респираторларды қолданады. Яғни, «Е» маркасындағы бояғыштар. Бұл қоспа әртүрлі газды сусындарға , кондитерлік тағамдарға қосылады. «Е» бояғышының  ағзадан шығарылуы  қиын болғандықтан түрлі аурулардың тууына себепшілердің бірі болып табылады.

Газды сусындардың зиянынан жылына 180 000 адам өмірден өтеді. Бүгінде тәттілендірілген газды сусындар жүз мыңдаған адамдардың өліміне себепкер болып отыр. Мамандар сөзіне сенсек, олардың әсерінен қантты диабеттің екінші типі жедел түрде дамитын көрінеді. Таяуда әлемнің халық ең тығыз орналасқан 15 елінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Мексикада 1 000 000 адамның 318-і (ең жоғарғы көрсеткіш), Жапонияда 1 000 000 адамның 10-ы (ең төменгі көрсеткіш) газды сусындардың әсерінен қаза болатындығы анықталды.

Газдалған сусындармен қойдың қарнының түгін тазалау сәтінен көрініс Кітапханада жетекшім жазира апаймен

2.2. Кока- коланың сағат бойынша әсері. 2.2. Кока- коланың сағат бойынша әсері. Күн сайын ішіп, рақаттанып жүрген сүйікті сусынымыздың құрамына коки жапырақтарын емес, құрт қосады екен. Нақтырақ айтар болсақ, түрік қорының Кока-колаға қарсы іс қозғауының нәтижесінде танымал бренд өкілдері сусынның құрамын жариялауға мәжбүр болған еді. «Кока-коланың құрамында не бар?» деген сұраққа жауап іздеген едік. Әдеттегі кола құрамында 11 шай қасық қант болады. Ал диеталық нұсқада оның орнына қант алмастырушы зат қолданылады. Жасанды тәттілендіру күнделікті қолданатын қантқа қарағанда, жүз есе тәттірек келеді. Оның құтыдағы мөлшері мен тығыздығы аса көп болмағандықтан, суға салған кезде қалқып, су бетіне шығады. Кока-кола ішкеннен кейін.. Кока-коланың зиянын осымен бірнеше рет айтсақ та, оны әлі тастар емессіз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте біле отырыңыз. 

10 минуттан кейін Кока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады. 20 минуттан кейін Дәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды. 40 минуттан кейін Ағзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз. 45 минуттан кейін Ағзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон миға әсер етіп,  сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің де әсер ету механизмі дәл осындай.   Бір сағаттан соң Кока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды. Бір сағаттан көбірек уақыттан кейін Кіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды.

2.3. Кока-коладан пайда болатын ауру түрлері Демікпе Газдалған сусындардың құрамында консервант ретінде пайдаланылатын натрий бензонаты кездеседі. Натрилік консервант рационға натриді енгізіп, калиді азайтады. Ғалымдардың пайымдауынша, натрий бензонаты демікпеге, экземге ұрындырып қана қоймай аллергияны қоздырып, өзге де кері реакция тудырады.  Бүйрекке зияны Колада фосфорлық қышқыл мөлшерден көп болғандықтан бүйрекке тас байланады және өзге де бүйрек ауруларына бастайды. Қандағы қантты арттырады Газдалған сусынды ішкеннен кейін жарты сағатқа жетпей қан құрамындағы қанттың мөлшері күрт артады. Бұл өз кезегінде қан құрамындағы инсулинді айдап шығарады. Бауыр шекерді майға айналдырады. Ал 40 минуттан соң адам ағзасына кофеин сіңеді. Адамның көз қарашығы үлкейіп, артериялық қысымы артады – соның салдарынан бауыр қан құрамына көп мөлшерде қантты бөліп шығарады. Мидағы аденозиндік рецептордың жолы жабылады да сізді ұйқы қысады. Семіздік Газдалған сусын ішкен адам салмақ қоспай тұрмайды. Зерттеушілер анықтағандай, әрбір ішілген бір шөлмек кола адамның семіру қатерін 1,6 есеге артырады. Бұл арада мынаны да қаперге ұстаған жөн: –    жүрек-қан тамыр ауруларының 70 пайызы семіздіктен болады;

Тіс ауруы Газдалған сусынның құрамындағы қант пен қышқыл тіс эмалын қатты зақымдайды. Жүрек ауруы Газдалған сусын  түрлерінің көбісінде жеміс шәрбаты бар. Ол инсулиннің резистент синдромының пайда болуына алып келеді. Ал ол өз кезегінде сусамыр және жүрек ауруларына ұрындыруы мүмкін. Сусамыр Газдалған сусынды жиі ішетін адамның 2-ші типтегі сусамырмен сырқаттану қатері 80 пайызға артық екенін айта кеткім келеді. Остеопороз Газдалған сусынның құрамында фосфорлы қышқыл кездесетіндіктен остеопороз дертінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Фосфор адам ағзасынан зәрмен шыққан кезде онымен бірге калций де жоғалып, адам ағзасына пайдалы осынау минералдардан айырады.

Қорытынды Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?! "Coca - Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе...

Ұсыныс Кока-коланың 1 стақанында 5 қасық қант болады екен. Күнде 1-2 немесе 3 литр коланы сіміріп салатын ағайындардың құлағына алтын сырға, ағзаңызды қаншама қантпен толтырып жатқаныңызды ескеріңіз. Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз. Газдалған сусындар орнына сүттен жасалған коктейль, қымыз, сүт, жеміс-жидек пен көкөніс шырын, газдалмаған минералды су пайдаланған абзал.

Күтіліп отырған нәтиже Газды сусындардың расмен де адам ағзасына зиянды екенін дәлелдеу. Газдандырылған сусындарды шамадан тыс қолданбау. Газдандырылған сусындарды қолданбасақ өлу коэфиценті де азаяды.

Назар аударғандарыңызға Рахмет!